Ол қоғамдық тәртіпті бұзған
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ішімдік ішіп, ұшаққа отырған әншінің жауапқа тартылғанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, оқыс оқиға 18 желтоқсанда Шымкент қаласында болған. Мас әнші ұшаққа отырып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Мұндай оқиға болған. 2023 жылғы 18 желтоқсанда Шымкент әуежайында FlyArystan өкілінің актісі бойынша Шымкент-Астана 7308 рейсінен жолаушы Нұрымбетов (Бауыржан Нұрымбетов) шығарылды. Ол 1982 жылы туған, Астанада тұрады. Нұрымбетов Целиноград ауданындағы (Ақмола облысы) мәдениет үйінде жұмыс істейді. Ол мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған, - деді Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
17 қаңтарда Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Бауыржан Нұрымбетов кінәлі деп табылып, оған 15 АЕК (55 380 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлемінде айыппұл салынған.