×

Шымкентте ер адам балалы әйелге лифтіде шабуыл жасады (ВИДЕО)

Видеодан лифтінің есігі жабыла салысымен, ер адам жас анаға күш көрсетіп, зорлық жасамақ болған сәтін көруге болады 

фото: видеодан скриншот

Бүгін Шымкент қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің лифтісінде балалы келіншекті белгісіз ер адам зорламақ болған. Келіншекке тал түсте шабуылдаған ер адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды. 

Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды. 

Бейнежазбадан тұрғын үйдің лифтісіне кірген балалы әйелдің соңынан белгісіз ер адам ілесе жөнелгенін, лифтінің есігі жабыла салысымен, ер адам жас анаға күш көрсетіп, зорлық жасамақ болғанын көруге болады. Қуанышқа орай, балалы әйел ер адамның шабуылынан құтылып шыққан.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«2022 жылдың 25 мамырында Шымкент қалалық полиция департаментінің Қаратау аудандық бөлімшесіне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз азамат жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болғанын айтты. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің «Зорлауға оқталу» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша білікті полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, күдіктінің тұлғасын және жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама