Республикалық маңызы бар жолдарға енгізілген шектеу алынды
Жолдарды күтіп-ұстауға 300-ге тарта қызметкер жұмылдырылған
Елімізде барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда шектеулер алынды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді.
18 қаңтардағы ақпарат бойынша, республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 154 техника және 277 қызметкер жұмылдырылды.