Тоқаев Италияға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Рим Папасы Францискпен де кездеседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президентін Рим әуежайынан Италияның қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.
Қазақстан президенті 19 қаңтарда Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.