Halyq Uni логотип
×

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Өкімге Мәжіліс төрағасы қол қойды

 Халық үні 17.01.2024 | 15:35
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Фото: Halyq Uni

19 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Тиісті өкімге Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылдың 19 қаңтары сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған өкімде.

Парламент палаталарының бірлескен отырысын, палаталардың депутаттарына алдын ала хабарлай отырып, Мәжiлiс төрағасы шақырады. Бұл ретте Мәжiлiс төрағасы Парламенттiң бірлескен отырысын шақыру туралы өкiм шығарып, оны Парламент депутаттарына хабарлайды.

Парламент палаталарының бiрлескен отырыстары кезiнде Парламент пен оның палаталары жұмыс органдарының отырыстары өткiзiлмейдi.

Парламенттің отырысы оған әр палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда құқықты болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама