Түркістан облысында адамдарды бопсалауға қатысы бар азамат ұсталды (ВИДЕО)
Күдікті бұған дейін тонау қылмысы мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған екен
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Шымкент-Самара тасжолы бойында қомақты ақша бопсалап, автокөлікті заңсыз иемденген күдіктіні ұстады.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Түркістан қаласының 28 жастағы тұрғыны құрылыс жұмыстарымен айналысатын танысынан 1 миллион теңге көлемінде ақша бопсалап, оның BMW автокөлігін заңсыз иемденген.
Қазір полицейлер күдіктіні ҚР ҚК-нің 194-бабы («Қорқытып алу») фактісі бойынша тергеп жатыр. Ол қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы, сондай-ақ ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталады.
Күдікті бұған дейін тонау қылмысы мен заңсыз қару сақтағаны үшін сотталған.