Марат Аймашев бұған дейін бірқатар лауазымды қызмет атқарған
Марат Аймашев Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Аймашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – делінген ақпаратта.
Марат Аймашев бұған дейін бірқатар лауазымды қызмет атқарған. Оның ішінде ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы болған.
2022 жылдың 25 мамырдан бастап бұл қызметті Русланбек Бекжігітов атқарған. 2024 жылдың 15 қаңтарында Бекжігітов бөлім меңгерушісі лауазымынан босатылды.