Құрылыс барысы онлайн бақылауға алынып, кепілдік мерзімі 5 жылға дейін ұзартылуы мүмкін
Құрылыс кодексінің жобасы 205 баптан тұрады
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Құрылыс кодексі мен оған ілеспе заң жобасын қарауға кірісті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Депутат Нұртай Сабильянов аталған кодекс пен оған ілеспе заң жобасы Мемлекет басшысының жолдауда берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленгенін атап өтті.
«Жаңа Құрылыс кодексі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жүйелі механизмді белгілеуге, құрылыс процесінің барлық кезеңін онлайн режимде бақылауға мүмкіндік беретін eQurylys ақпараттық жүйесін енгізуге, құрылыс саласындағы рұқсаттың бірыңғай тізілімін бекітуге, сәулет, құрылыс қызметіне қоғамдық бақылауды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ заң жобасында құрылыс сапасын арттыру, құрылыс объектілерін пайдаланудың кепілдік мерзімін 2 жылдан 5 жылға дейін ұзарту қарастырылған», - деді Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.
Депутатттың айтуынша, Құрылыс кодексінің жобасы 205 баптан тұрады.
Ілеспе заң жобасы («Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы) 4 кодекске, қолданыстағы 13 заңға өзгерістер енгізуді көздейді. Осыған байланысты комитет заң жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуге дайын, - деді Нұртай Сабильянов.
Дептутаттар дауы беру нәтижесінде заң жобаларын қарауға кірісті.