Костенко шахтасындағы апат: 9 лауазымды қызметкер қамауға алынды

Халық үні

Апат салдарынан 46 кенші қаза тапқан

фото: voxpopuli.kz

Қарағанды облысының Костенко шахтасындағы апатқа байланысты 9 адам күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Салдарынан 46 кенші қаза тапқан Костенко атындағы шахтадағы жарылыстарды тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның 9 лауазымды қызметкері күдікті ретінде танылып, қамауға алынды, - деліген ақпаратта.

Бас прокуратура 2023 жылғы сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің жұмысын қорытындылады.

Оның ішінде экс- қорғаныс министрі, Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының полиция және ҰҚК департаменттерінің бастықтары – қаңтар оқиғалары кезеңінде билікті асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Сондай-ақ «Екібастұз ЖЭО» басшылығы-жылу желілерінде апатқа әкеп соққан немқұрайлығы үшін және «Сатурн 2012» ЖШС директоры қару-жарақ дүкенінде 4 адамның өмірін қиған жарылысқа жол бергені үшін сотталды.

Сонымен қатар жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар – ҰҚТ жетекшісі Арман Жұмагелдиев, ҰҚК 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Ысқақов, Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенов, бандитизм мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін, Қорғас қылмыстық ісі бойынша «агент Саныч» деген атпен белгілі Махатовқа қатысты іс сотқа жолданды.

Алматы қаласында метро құрылысына арналған жабдықтарды сатып алу кезінде 5 млрд теңге жымқырған «Метрополитен» басшылығы мен орман шаруашылығының 14 қызметкері қаза тапқан Абай облысындағы орман өрті үшін «Семей Орманы» резерватының басшылары бойынша істер сотқа жолданды.

Абай облысындағы өрттер бойынша Экология министрлігінің және бірыңғай энергия жүйесіндегі іркіліске алып келген «KEGOC» пен 3-ЖЭС-тегі апат фактісі бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Қарағанды қаласындағы ерекше балаларға арналған арнайы мекемеде 14 мүгедек баланың улану және Алматыдағы жатақханада 13 адамның өмірін қиған өрт жағдайлары тергеліп жатыр.

Мемлекет активтерін 100 млрд теңгеге жымқыру фактілеріне баға беріліп жатыр. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, 2023 жылдың қаңтарынан бастап азаптауға қатысты тергеумен арнайы прокурорлар айналысады.

2023 жылы психикалық және физикалық азап келтіргені үшін күштік ведомстволардың 69 қызметкері қылмыстық қудалау орбитасында болды, жыл соңына дейін 21 лауазымды адам сотталды, - делінген ақпаратта.

Азаптаулардың алдын алу бойынша тиісінше жұмыс істемегені үшін 118 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде  құқық қорғау органдарының 19 басшысы бар.