×

Астанада заңсыз кәсіптен 15 млрд теңге тапқандар сотталды

Олардан 328 мың доллар және 7 млн теңге тәркіленді

 Халық үні 17.01.2024 | 09:51
Фото: Halyq Uni

Астанада заңсыз крипто айырбастау пунктін ұйымдастырушылар сотталды. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, кәсіппен заңсыз айналысқан Кучукова пен Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.

Олар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан. Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 млрд теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5%-ға дейін сыйақы комиссия алып отырған.

Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22 894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың доллар және 7 млн теңгеге жуық ақша тәркіленді.

Сот Кучуковқа мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Садыровқа мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысындағы қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 7 жылдан 9 жылға дейін сотталды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама