×

Шымкентте кәсіпкерге «қамқорлық» жасаған орталық басшысы ұсталды

Ол кәсіпкерлерге қамқорлық жасамақ болған

 Дәурен Ерболат 16.01.2024 | 16:55
Фото: Halyq Uni

Шымкентте Еңбек мобильділігі орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Антикор.

Шымкент бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалалық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Ол «Бастау Бизнес-2023» ұлттық жобасы шеңберінде гранттардың нысаналы пайдаланылуына мониторингті іске асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін делдал арқылы 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама