ӘКК құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі бұзушылықтар үшін ЖШС-ге 5% айыппұл төлеттірген
Шымкент қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша SHYMKENT Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, компанияға шамамен 105 миллион теңге айыппұл салынды.
ӘКК-нің кәсіпкерлермен келісімшарт жасау кезінде шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін оған әртүрлі пайыздық айыппұлдар салынғаны анықталды.
Мысалы, ЖШС-нің бірімен жасалған келісімге сәйкес, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі бұзушылықтар үшін ӘКК-ге 0,01% мөлшерінде айыппұл төлеу міндеттелген. Осыған ұқсас бұзушылықтар үшін басқа ЖШС-ге 5% төлеттірген, – делінген Шымкент қаласы прокуратурасының хабарламасында.
Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабына сәйкес, үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің басқа азаматтардың заңды құқығын бұзатын әрекеттеріне тыйым салынады.
Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты прокуратураның уәждерімен келісіп, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ӘКК-ні кінәлі деп тауып, 104,7 млн теңге айыппұл салды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.