Halyq Uni логотип
×

SHYMKENT корпорациясына шамамен 105 млн теңге айыппұл салынды

ӘКК құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі бұзушылықтар үшін ЖШС-ге 5% айыппұл төлеттірген

 Дастан Жұмабекұлы 16.01.2024 | 16:46
SHYMKENT корпорациясына шамамен 105 млн теңге айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Шымкент қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша SHYMKENT Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылып, компанияға шамамен 105 миллион теңге айыппұл салынды.

ӘКК-нің кәсіпкерлермен келісімшарт жасау кезінде шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін оған әртүрлі пайыздық айыппұлдар салынғаны анықталды.

Мысалы, ЖШС-нің бірімен жасалған келісімге сәйкес, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі бұзушылықтар үшін ӘКК-ге 0,01% мөлшерінде айыппұл төлеу міндеттелген. Осыған ұқсас бұзушылықтар үшін  басқа ЖШС-ге 5% төлеттірген, – делінген Шымкент қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабына сәйкес, үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің басқа азаматтардың заңды құқығын бұзатын әрекеттеріне тыйым салынады.

Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты прокуратураның уәждерімен келісіп, ӘҚБтК-нің 159-бабы 3-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ӘКК-ні кінәлі деп тауып, 104,7 млн теңге айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама