Қызылорда облысы әкімдігі екі мұғалімнің түнгі клубқа барғаннан кейін жұмыстан шығарылғанын жоққа шығарды
№250 мектеп-лицейінің мұғалімдері ескертусіз жұмысқа бармаған
Қызылорда облысының білім басқармасы екі мұғалімнің түнгі клубқа барғаннан кейін жұмыстан шығарылғанын жоққа шығарды.
Ресми ақпарат бойынша, Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейінде жұмыс істеген мұғалімдер ақысыз демалыс алған. Одан бөлек 2-5 жұмыс күндері аралығында белгісіз себептермен, ескертусіз жұмысқа бармаған.
Сол себепті Еңбек кодексінің 49-бабы 5-тармағына сәйкес олар арыз жазып, жұмыстан босатылған.