Halyq Uni логотип
×

Министр қазақстандықтардың интернеттен қандай тауарларды жиі сатып алатынын айтты

2023 жылғы 11 айда электронды сауда көлемі 2 трлн 183,1 млн теңге болды

 Дәурен Ерболат 16.01.2024 | 11:27
Министр қазақстандықтардың интернеттен қандай тауарларды жиі сатып алатынын айтты
фото: Halyq Uni

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтар интернеттен қандай тауарларды жиі сатып алатынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оның айтуынша, 2022 жылғы қорытынды бойынша Қазақстанда электрондық сауданың үлесі 12,5% болып, 1 млрд 963 млн теңгеге жеткен. 

Интернет арқылы өткізілген негізгі тауарлар – үй тауарлары, киім және аяқ киім, тамақ өнімдері, косметика, дәрі-дәрмектер, - деді министр Үкімет отырысында. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша электронды сауда қызметтер нарығының көлемі 1,2 трлн теңге болды. Оның 50,3%-ы жолаушыларды тасымалдау қызметіне тиесілі.

«2023 жылғы 11 айда электронды сауда көлемі шамамен 2 трлн 183,1 млн теңге немесе бөлшек көлемінен 13% (16 мрлд 793,1 теңге) болды», - деді Арман Шаққалиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама