Halyq Uni логотип
×

Қарағанды облысында 19-21 жас аралығындағы жігіттер мал ұрлаумен айналысқан

6 ұрының төртеуі – уақытша ұстау изоляторында

 Еркеғали Болатұлы 15.01.2024 | 15:54
Қарағанды облысында 19-21 жас аралығындағы жігіттер мал ұрлаумен айналысқан
фото: Halyq Uni

Өткен жылдың соңында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция басқармасына ауылдың 2 тұрғыны жүгініп, қораларынан 12 қой мен жылқы ұрланғанын айтқан.

Мал иелерінің әрқайсысына 600 мың теңге шығын келтірілген. Жедел әзірлеменің нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан топтың ізіне түсті.

19-21 жас аралығындағы 6 жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған. Ұрланған түліктің етін сатып, түскен ақшаны өзара бөліскен. Күдіктілердің үйінен тәртіп сақшылары мал терісі мен бір тірі қойды тәркіледі. Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір топ мүшелерінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама