Қызылордалық мұғалімдер Түркияның трансвеститтер клубында демалған
Жиналыстан кейін олар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыз жазды
Қызылордалық педагогтер шетелде жүріп, бірнеше мәрте трансвеститтер клубында көңіл көтерген. Олардың бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап етіпті, деп хабарлады Zhasalash.kz.
Бейәдеп қылық көрсеткендер – Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері. Шет тілін меңгерген мамандар Қызыл теңіз жағасында тынығу үшін мектеп әкімшілігіне ескертіп, ақысыз демалыс алуды ұйғарыпты. Алайда кейін ұстаздардың Түркиядағы трансвеститтер клубында демалған видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетіп, ата-аналардың наразылығын тудырған. Қарамағындағы қызметкерлердің мұндай әрекетке барғандығы мектеп басшылығын да есеңгіретіп тастаған көрінеді.
Екеуі де ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің магистр дәрежесі бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық. Жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер – тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана.
Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды», - деп мәлімдеді мектеп директоры Гүлжахан Мұнарбаева.