Астана вокзалында жолаушылар бір-бірін таптап кете жаздады (ВИДЕО)

Еркеғали Болатұлы

Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды

фото: видеодан скриншот

Астананың ескі вокзалындағы эскалаторда адамдар бір-бірін таптай жаздады. Қаптаған көпшіліктің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Видео авторының айтуынша, кейбір адам тіпті эскалаторда құлаған.

Ескі ғимараттың кіреберісіне ағылған жолаушылардың сыймасы анық, – делінген хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі болған оқиғаға пікір білдірді.

14 қаңтарда қолайсыз ауа райына байланысты автокөлік жолдары жабылды. Сәйкесінше адамдар баратын жерлеріне пойызбен жетуді шешкен. Осыған байланысты вокзалда жолаушылар ағыны едәуір өсті, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мамандар қазір вокзал штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.

Вокзалда кезекшілер жолаушылар ағынын реттеу бойынша шаралар қабылдады. Алайда жолаушылар кезек пен қауіпсіздік техникасын сақтамады. Сол себепті жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін эскалатор дереу тоқтатылды, – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.