Ол қайырымдылық асқа қатысады
Нұрлан имам АҚШ президенті Джо Байденнен шақырту алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Экс-сенатор, журналист Дана Нұржігіт осы жағдайға байланысты имамнан пікір алды.
Әрбір жылы АҚШ президенті Джо Байден және оған дейінгі президенттер жылда әр мемлекеттен танымал адамдарға және мемлекет басшыларына жылда ас береді. Бұл қайырымдылық ас саналады. Сондықтан біздің елімізден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, президент істеп жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сондай-ақ руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз, - деді Нұрлан имам.