Еліміздің 5 облысында жолдар жабылды
Автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 207 техника және 309 жолшы жұмылдырылды
5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ақмола облысында – 5 учаске:
- «Астана-Петропавловск» 18-234 шақырым, Астана қаласы – Щучинск қаласы – 216 шақырым.
- «Екатеринбург-Алматы» 1292-1353 шақырым, Жібек жолы ААП – Қарағанды облысының шекарасы – 61 шақырым.
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51 шақырым, Қабанбай батыр ауданы -Қарағанды облысының шекарасы – 16 шақырым.
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» 16-200 шақырым, Астана қаласы – Павлодар облысының шекрасы – 184 шақырым.
- «Жезқазган-Петропавловск» 377-440 шақырым, Қостанай облысының шекарасы – Державинск қаласы – 63 шақырым.
Жетісу облысында 1 учаске:
- «Үшарал-Достық» 84-184 шақырым, Көктұма станциясы – Достық станциясы – 100 шақырым.
Қарағанды облысында 5 учаске:
- «Екатеринбург-Алматы» 1505-1610 шақырым, Новостройка ауданы – Ақсу Аюлы ауданы – 105 шақырым.
- «Екатеринбург-Алматы» 1353-1445 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ААП – 92 шақырым.
- «Қызылорда-Павлодар» 970-1135 шақырым, Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы 165 шақырым.
- «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-шығыс айналма жолы» 0-16 шақырым, Пришахтинск ауданы – Новостройка ауданы – 16 шақырым.
- «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-101 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Нұра ауданы – 50 шақырым.
Қостанай облысында 1 учаске:
- «Жезқазған-Петропавловск» 339-377 шақырым, Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы – 38 шақырым.
Павлодар облысында 3 учаске:
- «Қызылорда-Павлодар» 1135-1206 шақырым, Қарағанды облысының шекарасы – Шідерті ауданы – 323 шақырым.
- «Астана-Ерейментау-Шідерті» 200-259 шақырым, Ақмола облысының шекарасы – Шідерті ауданы – 59 шақырым.
- «Ленинский-Иртышск-Русская Поляна» 0-263 шақырым, Ленинский ауданы – РФ шекарасы – 263 шақырым.
Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 207 техника және 309 жолшы жұмылдырылды.