Талдықорғанда деструктивті діни ағымның өкілі ұсталды
Оның көлігінен 2 келі 722 грамм марихуана табылды
Жетісу облысының полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады.
Ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді.
Ер адамның деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені белгілі. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.
Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 келі 722 грамм марихуана екенін көрсетті.