Тек анамның жүзін көріп, бір рет құшақтасам, соның өзі маған үлкен қуаныш
«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан өзінің Instagram-дағы парақшасында тағы бір болжамды ана анализ тапсырғанын хабарлады.
Мына ақпаратқа назар аударыңыздар, құрметті келіншектер, ер-азаматтар.
Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар.
Бүгін анализ тапсырған болжамды ана – Мақпал, – деп жазды Қымбат Досжан.
21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.