Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді талдың түбінен тапты

Ол үйінен 15 шақырым қашықтықтан табылды

 Динара Амантай 12.01.2024 | 17:15
Түркістан облысында полицейлер жоғалған жасөспірімді талдың түбінен тапты
Фото: Halyq Uni

Түнгі уақытта Отырар аудандық полиция бөліміне 15 жастағы ұлының үйіне оралмағанын айтып хабарласқан тұрғын полицейлерден көмек сұрады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әкесінің айтуынша, ұлы кешкі сағат 17:00 шамасында достарымен шығып кетіп, күн қарайғанша келмеген. Жақындары полицияға хабарламай, бірнеше сағат бойы өздері іздеген.

Оқиға кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, учаскелік инспекторлар шұғыл іске кірісті. Жеткіншектің баруы мүмкін жерлер, жақын аумақтар мұқият тексерілді. Бір сағатқа созылған жедел жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған жасөспірім үйінен 15 шақырым қашықтықтағы талдың түбінен табылды.

Полицейлердің анықтауы бойынша, 9-сынып оқушысы ата-анасына айтпастан достарымен қыдырған. Кеш болып кеткендіктен үйіне барса, ата-анасынан сөз естимін деп ойлап, талдың түбінде ұйықтаған.

Жасөспірім мен ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама