13 жастағы жасөспірім екінші жедел жәрдем келгенше көз жұмған
Шымкентте дене шынықтыру сабағында 13 жастағы оқушы көз жұмды. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметіне қарағанда, 11 қаңтарда №48 орта мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде 8-сынып оқушысы есінен танып, құлап қалған. Сол кезде мектеп медбикесі алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Мектепке келген жедел жәрдем бригадасы екінші арнайы жедел жәрдемді шақыруға мәжбүр болған. Алайда жедел жәрдем келгенше баланың жүрегі тоқтап, көз жұмған.
Қазір құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр.