Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда ұлттық нақышта киіну сәнге айналып жатыр

«Ұлттық сезім» алғаш рет Қазақстан бойынша 2023 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылды

 Халық үні 12.01.2024 | 11:22
Қазақстанда ұлттық нақышта киіну сәнге айналып жатыр
Фото: Halyq Uni

12 қаңтарда «Ұлттық сезім» жалпыұлттық флешмобы өтеді – бұл ұлттық киімнің сән-салтанатын көрсетуге арналған ауқымды бастаманың екінші рет іске қосылуы. 

Бастама мәдени байлық пен салт-дәстүрге мән беру арқылы ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған. 

Қатысушылар бұл күнді заманауи, сәнді киімдер мен дәстүрлі аксессуарлар тағып өткізеді. 

«Ұлттық сезім» бастамашысы, «Бәйге федерациясы» республикалық қауымдастығының президенті Қанат Көпбаев жоба тарихын айтты.

Көп саяхаттап, басқа елдердің мәдениеті мен дәстүрлерін тамашалап, мен сол елдердің тұрғындары қалай тарихи мұраларын құрметтейтініне таң қалдым. Әсіресе Таиланд пен Жапонияда адамдар өздерінің ұлттық костюмдерін мақтанышпен киетінін байқадым, ұлттық киім арқылы әдет-ғұрыптарға терең берілу мен жарқын сәйкестікті көрдім.

Дәл осы тәжірибе санамда халықтың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі, мақтаныш символы, тарих тереңдігі мен жан-жақтылығын сезіну тәсілі екенін, ұлттық костюмнің маңыздылығын нығайтты. Біздің алғашқы қадамымыз бәйгеден ҚР чемпионаты аясындағы ұлттық костюм байқауы болды. Әрбір жаңа қаламен байқау тек қарқын алып жатыр.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Федерациялары өткізетін барлық жиналыс пен іс-шараларға біз шапан немесе шеберлеріміз кестелеген қамзол киіп барамыз. «Ұлттық сезім» үлкен мағынаға толы, оған қатысу халықтың бірлігі мен ұлттық бірегейлікті нығайту үшін ұлттық киімнің маңызы мен құндылығын айқындауға көмектеседі, - деді Қанат Көпбаев.

«Ұлттық сезім» алғаш рет Қазақстан бойынша 2023 жылдың 1 желтоқсанында іске қосылды. 

Сол кезде жобаны Қазақстанның жетекші ұйымдарының 7 200-ден астам қызметкері және флешмоб бастамашы компаниялары — YPO мүшелері, олардың ішінде Kusto Group, Tas Group, Chocofamily Holding, «BI Group», Astana Group, Invictus, Novopack, Bilim Media Group, Ordamed Group, MYD Production, SDC, Freedom Holding Corp, ұлттық спорт түрлерінен Қауымдастықтар мен Бәйге, Көкпар, Аударыспақ, Жамбы ату, Теңге ілу, Құсбегілік, Дәстүрлі садақ ату, Асық ату, Тоғызқұмалақ и JORYQ федерациялары қолдады. 

Нәтижесінде флэшмобқа қатысушы компаниялардың ішіндегі қорытынды бойынша, ұлттық дресс-код күндері жарияланып, апта және ай сайынғы негізде белсенділер, сондай-ақ үздік костюмді анықтайтын байқаулар басталды. 

2024 жылы 12 қаңтарда жобаның екінші жалпы іске қосылуы өтеді, осы уақыт ішінде бастаманың жаңа қатысушылары пайда болды, костюм тарихы мен дәстүрлері жайлы білім беру мақсатында шағын роликтер түсірілді.  

Жобаға Қазақстанның сән үйлері мен қолөнершілері де қосылды. 

Айта кетейік, серіктес Brend Qazaq Ismer, Gaziza Ornek Almaty, Kazhekey.kz, Aurum.kz, Nomad Moon, Sanat Ceramics и BBSR.Store дүкендерінде Ұлттық сезім промокоды арқылы арнайы ұсыныстар бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама