Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Елорда тұрғынын жеңілдетілген несиемен көлік алып беремін деп алдаған азамат анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Елордалық 33 жастағы азамат тұрғыннан 1 миллион теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, оған жеңілдетілген бағдарлама бойынша несиеге жаңа көлік алуға көмектесемін деп уәде берген. Ер адам тұрғынды 6 ай бойы сендіріп келген. Арада біраз уақыт өткен соң жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға хабарласқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмысқа қатысы бар азаматты анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Қазір оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.