Halyq Uni логотип
×

Банк менеджері тұрғындардың атынан 21 млн теңге несие рәсімдеп алған

Күдікті 47 адамды алдаған

 Динара Амантай 12.01.2024 | 09:27
Банк менеджері тұрғындардың атынан 21 млн теңге несие рәсімдеп алған
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында банк менеджері тұрғындардың атынан несие рәсімдеп, 21 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне ауданның бір топ тұрғыны арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың аттарына бейтаныс біреу заңсыз несие рәсімдеген.

Аталған фактіні полицейлер «Алаяқтық» бабы бойынша тіркеді. Қылмысты тез арада ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлерден арнайы топ құрылып, жедел іздеуге кіріскен. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді.

31 жастағы күдікті азамат банк қызметкері болып жұмыс істеп жүрген уақытында мәселемен алдына келген тұтынушылардың құжаттарын пайдаланып, 70 мың теңге мен 1 миллион теңге аралығында несие рәсімдеп отырған. Осылайша, 47 адамды алдап, ақшаны өз пайдасына жұмсаған. Келтірілген шығын көлемі – 21 миллион теңге, - делінген хабарламада.

Қазір күдікті ер адам қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама