Былтыр әйелдер вагондарымен 161 мыңға жуық жолаушы жүрген
Бүгінде әйелдер вагондары 8 жолаушылар пойызының құрамында жүреді
2023 жылы әйелдер вагондарымен 161 мыңға жуық жолаушы жол жүруді таңдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Салыстырмалы түрде, 2022 жылы мұндай вагондардағы жолаушылар саны 114 мыңнан астам адамға жеткен. 2021 жылдың 3 айында неғұрлым жайлы және қауіпсіз сапарды қамтамасыз ету үшін қызмет енгізілген сәттен бастап 13 мыңнан астам қазақстандық әйелдер вагондарымен саяхаттады.
Бүгінде әйелдер вагондары төмендегі 8 жолаушылар пойызының құрамында:
- №77/78 «Алматы – Маңғыстау» №07 купе вагоны;
- №351/352 «Алматым – Өскемен» №10 купе вагоны;
- №45/46 «Павлодар – Түркістан» №09 купе вагоны;
- №37/38 «Маңғыстау-Семей» №06 купе вагоны;
- №47/48 «Атырау – Астана» №06 купе вагоны;
- №33/34 «Ақтөбе -Алматы-1» № 06 купе вагоны;
- №4/3 «Астана - Алматы-2» № 17 купе вагоны;
- №71/72 «Астана – Шымкент» №10 купе вагоны.
Айта кетсек, әйелдер вагондарында 7 жасқа дейінгі ер балалардың жол жүруіне рұқсат берілген.