×

Жылы аялдаманың есігін сындырған тұрғын аса ірі көлемде айыппұл төлейтін болды

Ол павильонның шыны есігін өз есебінен қалпына келтірді

 Динара Амантай 11.01.2024 | 16:37
Фото: polisia.kz

Жылы аялдаманың есігін сындырған тұрғын аса ірі көлемде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қостанайда полицейлер жылы аялдаманы сындырған ер адамды жауапқа тартты. Сот оны мүлікке қасақана зиян келтіргені, бұзақылық жасағаны және қоғамдық орында мас халде болғаны үшін кінәлі деп тапты.

Өткен жылдың 23 желтоқсанынан 24 желтоқсанына қараған түні Қостанайдың басты көшелерінің бірінде орналасқан жылы аялдама павильонының шыны есігі сынды. Полиция қызметкерлері бейнебақылау арқылы бұзақыны анықтады. Ол Қостанай ауданының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол құқықбұзушылық жасаған сәтте мас болған.

Құқық бұзушы аялдама павильонының шыны есігін өз есебінен қалпына келтірді. Сонымен қатар ол ірі көлемде айыппұл төлеуі керек, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама