Автобуста кәмелетке толмаған 6 бала мен 4 әйел болған
Бүгін түнде Қарабұтақ-Қостанай автожолындағы Талдысай кентінің маңында Ақтөбе облысының патрульдік полицейлері жол жиегінде тұрған автобусты көріп, жолаушыларды аяздан құтқарды.
Автобус салонында Қазақстанның 3 азаматы мен шетелдің 59 азаматы болған. Қазақстан азаматтары автобусты жүргізіп келген. Ал шетелдіктердің арасында кәмелетке толмаған 6 бала мен 4 әйел болған. Олар Шымкенттен Челябинск қаласына бара жатқан.
Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар және ТЖБ қызметкерлерімен бірге жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Ер адамдар мешітке, ал әйелдер колледж жатақханасына орналастырылды.
Эвакуацияланған адамдардың арасында медициналық көмекке мұқтаж адамдар болған жоқ.