Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Фото: Halyq Uni

Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Айтуынша, ол ауыл сыртында мал бағатын малшыға малын сеніп тапсырған. Алайда 3 жылқысы ұрланған. Күдікті жәбірленуші азаматқа 2 млн теңге шығын келтірген.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 189-бабы («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамнан жауап алды, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам жылқыларды 2 миллион теңгеге сатып, ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.