Halyq Uni логотип
×

Жыл басынан бері елордада лаңкестік акт туралы қанша рет жалған хабарланды

Бұндай әрекетке барғандар қатаң жазаланса да, қылмыс азаймай тұр

 Қымбат Елтайқызы 25.05.2022 | 11:50
Жыл басынан бері елордада лаңкестік акт туралы қанша рет жалған хабарланды
фото: Halyq Uni

Астаналық сақшылар жалған хабарламалар үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

«Департаментте биылғы жылдың басынан бері полиция органдарын, оның ішінде арнайы қызметтерді жалған шақырудың 120-дан астам фактісі тіркелген. Учаскелік инспекторлар барлық факт бойынша құқық бұзушыларды ӘҚБтК-нің 438-бабына сәйкес, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары терроризм актісі жайлы жалған хабарламалардың 9 фактісін тіркеді. Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес, терроризм актісі жайында жалған хабарлау 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады», – дейді қалалық ПД.

Мәселен, шаһардағы мектептің электронды мекен-жайына жарылғыш құрылғылар салынғаны жөнінде хат түскен. Белгісіз тұлғалар осындай хабарламаларды елорданың басқа жалпы білім беру мекемелеріне де жіберген. Сақшылар тексеру жүргізді. Ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама