Halyq Uni логотип
×

Көкшетауда шыршаны тепкен жасөспірімдер жауапқа тартылды

Олар өз әрекеттерін еркелік деп түсіндірген

 Динара Амантай 10.01.2024 | 17:46
Көкшетауда шыршаны тепкен жасөспірімдер жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Көкшетауда шыршаны тепкен жасөспірімдер жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жедел басқару орталығы мен патрульдік жасақ қызметкерлерінің үйлесімді жұмысы арқасында Көкшетаудың орталық алаңына орнатылған жаңажылдық шыршаны теуіп жатқан екі бұзақы бірден ұсталды. Оқиға түнгі уақытта болған. Екі жас жігіттің күдікті әрекеттері бейнебақылау инспекторларының назарын аударды. Жағдайды анықтау үшін инспектор жақын маңдағы автопатруль мен жаяу жүргіншілер жасағын жіберді.

Полицейлерді көріп, жасөспірімдер қашып кетуге тырысқан, бірақ олар бірден ұсталды. Әңгіме барысында олардың жергілікті колледждердің бірінің студенттері екені анықталды. Екеуі де Көкшетауға көрші Солтүстік Қазақстан облысының әртүрлі аудандарынан келген.

17 жастағы балалар өздерінің әрекеттерін әдеттегі еркеліктері деп түсіндірді. Алайда олар қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жауап беретін болды. Полиция қызметкерлері студенттерге қатысты заңды өкілдерінің қатысуымен ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік хаттама толтырды.

Полиция азаматтардан мүлікке ұқыпты қарауды және қоғамдық тәртіпті бұзбауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама