Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда қылмыс 11%-ға төмендеген

97 адам сотпен ақталды

 Динара Амантай 10.01.2024 | 15:46
Қазақстанда қылмыс 11%-ға төмендеген
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда қылмыстың 11%-ға төмендеуі байқалып отыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес, қылмыстар 152 мың 472-ден 140 мың 272-ге дейін азайған.

Оның ішінде:

  • ауыр қылмыстар 14,9% (44 106-ден 37 548-ге);
  • ауырлығы орташа қылмыстар 12,6% (67 340-тан 58 874-ке) ;
  • онша ауыр емес қылмыстар 4% (22 741-ден 21 826-ға) төмендеген.
  • аса ауыр қылмыстар 15,7% (2 241-ден 2 593-ке) өскен.

Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 254 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатты. 824 адам прокурорлардың араласуымен қызметтік үй-жайлар (449) мен изоляторлардан (375 ИВС) босатылды.

Азаматтардың конституциялық құқығын бұзу саны 22,7%-ға (578-ден 447-ге) қысқарды. 97 адам ақталып шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама