Halyq Uni логотип
×

Қызылорда облысының тұрғыны танысын абайсызда өлтіріп қойған

Ол ұзақ мерзімге сотталды

 Динара Амантай 10.01.2024 | 15:13
Қызылорда облысының тұрғыны танысын абайсызда өлтіріп қойған
Фото: depositphotos

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында танысын абайсызда өлтірген тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Сотта анықталғандай, сотталушы танысымен ішімдік ішіп болып, аяқастынан ашуланып, үстелмен марқұмның басынан ұрған. Ер адам жәбрленушінің бетонға баспен құлағанын, осылайша оны байқаусызда өлтіріп алғанын айтқан. Кейін ол оқиға орнынан қалаға кетіп қалған.

Сот үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі және 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама