Жамбыл облысында прокурорлар 5 ірі инвестордың проблемасын шешті
Кәсіпкерлердің өңірлік тізбесін құру туралы шешім қабылданды
Жамбыл облысында прокурорлар 5 ірі инвестордың проблемасын шешті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық прокуратура 2023 жылы 9 мың кәсіпкердің құқығын қорғады. Оның ішінде жобалары 230 млрд теңгеге инвестиция салуды және 720 жұмыс орнын құруды көздейтін 5 инвестордың проблемасы шешілді.
Атап айтқанда, Talas Investment Company ЖШС прокурорлардың үйлестіруімен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ында несие желісін ашуға мүмкіндік алды.
Басқа жағдайда, прокуратураның бастамасы бойынша қалдықтарды энергияға қайта өңдеудің отандық нарығындағы бәсекелестікті шектейтін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ережелерінің күші жойылды.
Бірлескен жұмыстың оң нәтижелерін ескере отырып, Жамбыл облысының прокуратурасы мен әкімдігі жүйелі негізде қолдауды іске асыратын инвесторлардың өңірлік тізбесін құру туралы шешім қабылдады.
Бұл шаралар мемлекеттік органдардың күш-жігерін нақты инвесторлар мен кәсіпкерлердің проблемасын шешуге бағыттауға мүмкіндік береді.