×

Атырауда тендер ұтып алған кәсіпкерден 7 млн теңге бопсаланған (ВИДЕО)

Күдіктілер жәбірленушіден ақша алып жатқанда ұсталды

 Дастан Жұмабекұлы 10.01.2024 | 11:28
Фото: polisia.kz

Атырау облысының полиция департменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметі облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру операциясы кезінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн теңге бопсалаған адамдарды ұстады. Олар 35 және 34 жастағы облыс тұрғындары болып шықты.

Екі күдікті жәбірленушіден 1 млн теңге алып жатқанда ұсталып, қамауға алынды.

Күдіктілер кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері 4,5 млн теңге бопсалаған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Сонымен бірге полиция Қызылорда облысында да бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады. Бұл жерде де қылмысқа айыптылар жәбірленушіден 7 млн теңге талап еткен. Күдіктілер жәбірленушіге әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты фотосуреттер мен видеоларды жариялаймыз деп осыншама сомадағы ақшаны сұраған. Ақшаны әкелмеген жағдайда жеке басының намысына тиетін фотолар мен видеолар жұртқа жарияланатынын айтқан.

Осы оқиға бойынша Қызылорда облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері кезекшілік кезінде 34, 32, 22 жастағы күдіктілерді қолға түсірді. Олардан айғақты зат ретінде ақша, сигналдық тапанша мен жалған қызметтік куәлік тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама