Ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталды
2023 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, 15 аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Тінту кезінде бұл топ мүшелерінен қару-жарақ, ақша, есірткі заттары мен олардың құқыққа қайшы әрекеттерінің өзге де заттай дәлелдемелері алынды.
Жалпы, кісі өлтіру, тонау, бопсалау, қарақшылық және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 98 адам ұсталып, олардың 40-ы сотталды. Қалғандарына қатысты әлі де сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.