«Алматы тазалық» коммуналдық кәсіпорнының басшысы ірі көлемде пара алған

Динара Амантай

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды

Фото: Halyq Uni

Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр. Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, – делінген Антикор хабарламасында.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.