Малшы 200 жылқыдан тұратын табынға жауапты болған
Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі сақтаған жылқышы ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Полиция қызметкерлері Байзақ ауданында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол өзі малшы болып жұмыс істейтін шаруа қожалығына жақын маңда ірі көлемде есірткі жасырған. Аумақты тексеру барысында пакеттерге салынған 2,8 келі кептірілген марихуана жасырылған орын табылды.
Айтуынша, тыйым салынған заттарды өзі бір жыл бойы тұтыну үшін жинаған. Сараптама қорытындысы бойынша ер адам ұсталған сәтте есірткілік мас күйде болып шықты. Бұл ретте малшы 200 жылқыдан тұратын табынға жауапты болған.
Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Қазір есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.