×

Түркістан облысында ауыл тұрғындары жайылымға жер таппай жүр

Ауыл халқы әкім ауысқанымен мәселе шешілмейтінін ашық айтты

Түркістан облысындағы Шұбар ауыл округінің тұрғындары ауыз су, ағын су, жайылым жерге зар болып отыр. Ауылға ауыз су тек электр қуаты бар кезде келеді. Ал жарық екі күннің бірінде өшетін ауыл тұрғындары бөшкелерін суға толтырып үлгермейді екен.

Одан қалды, бөшкеде бірнеше күн тұрып қалған суды ішкен балалар іші ауырып, бірінен соң бірі ауруханаға қаралып жатыр екен.

Шұбар ауылы маңындағы ағын су да былтырдан бері ақпай отыр. Арық саламыз деген мердігерлер тиісті жұмысты әлі аяқтамаған. Тіпті, бастаған жұмысы сапасыз деп танылып, құрылыс жұмыстарын екі айдан кейін қайта қолға алмақ. Осыған байланысты жергілікті диқандар биыл егін бітік шықпай, күзде өнімсіз қаламыз ба деп уайымдайды.

Шұбардағы мәселе мұнымен бітпейді. Ауылда интернет дұрыс ұстамайды. Тұрғындар жайылым жерден де айырылған. Айналадағы жарамды жердің бәрі жекенің қолына өтіп, халық төрт түлігін малын амалсыз қорасында байлап отыр. Өйткені, малы біреудің меншігіндегі жерге түсе бергендіктен, айыппұл төлеуден шаршаған.

Ал, ауыл әкімі Ардақ Талдыбаев мәселенің бәрі кезең-кезеңімен шешілетінін, шарасыз отырған халықтың шыдаудан басқа амалы жоғын айтады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама