Ол Қаржы министрлігін заңсыз қамауда ұстағаны, қылмыстық іс қозғағаны үшін сотқа беріп, 3 миллион теңге өтемақы өндіріп алған
Осыдан он жыл бұрын Қарағандыда облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің басшысы Мұрат Қаракекілов пара алғаны үшін сотталған болатын. Оған қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және пара алды деген айып тағылып, сол еңбек инспекциясы басқармасындағы бұрынғы әріптестерімен бірге сотталған.
Нақты айтқанда, Мұрат Қаракекіловке жаңа жылдық сыйлық үшін қарамағындағы қызметкерден 20 мың теңге пара алды деген айып тағылған.
2013 жылдың желтоқсан айында Қаракекілов өзінің кеңсесінде қарамағындағы А.С.-дан жаңа жылдық сыйлықтар сатып алу үшін ақша талап еткен. Қаракекілов 2013 жылғы 27 желтоқсанда лауазымды тұлға бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кабинетінде қарамағындағы қызметкерден 20 мың теңге ақша алған, – делінген үкімде.
Нәтижесінде Қазыбек би соты Қаракекіловті «Лауазымдытұлғаның билігі мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануы» бабы бойынша кінәлі деп таныды. Оған 1,3 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, сонымен қатар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Осылайша, шенеунікке өз кінәсіздігін дәлелдеу үшін 10 жыл қажет болған. Нәтижесінде жоғарғы сот оны кінәсіз деп тауып, бірінші инстанция үкімінінің күшін жойды.
Шенеунік мұнымен тоқтап қалмай, жұмыстан заңсыз шығарғаны үшін Қарағанды облысының әкімдігін сотқа берді. Сот Қаракекіловтің жағына шығып, оны бұрынғы қызметін, Қарағанды облысы бойынша еңбек инспекциясы басқармасының басшысы лауазымын қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар, Мұрат Қаракекілов Қаржы министрлігін заңсыз қамауда ұстағаны, қылмыстық іс қозғағаны үшін сотқа беріп, 3 миллион теңге өтемақы өндіріп алған.
Қарағанды облысының әкімдігі Мұрат Қаракекіловтің бұрынғы басшысы Ирина Любарскаяны орнынан алып, бұрынғы қызметіне қайта оралғанын растады.