×

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне оралды

Ғалымжан Ниязов 2020 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

 Ербол Тұрымбет 25.05.2022 | 09:06
Ғалымжан Ниязов, фото: wikipedia.org

Биыл ақпанда екі айға қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов жұмысына оралды. Шенеунік сейсенбі, 24 мамырда қызметтік міндетіне кірісті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат 24 қаңтарда жарияланды. Қаржы мониторингі агенттігі бұл ақпаратты 4 ақпанда ресми түрде растап, әкім орынбасарының екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Оған билікті асыра пайдаланды деген айып тағылды. 17 ақпанда сот тергеушінің бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Осы уақыт бойы әкім орынбасары ақысыз демалыста болған.

Ғалымжан Ниязов 2020 жылдың 26 маусымында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ол сұйылтылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған. Қазіргі таңда қызметтік уәкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама