Былтыр Алматыда 2,5 мыңға жуық отбасы баспаналы болды

Динара Амантай

Қала әкімінің шешімімен тағы да 2 мың пәтер келесі жылы беріледі

Фото: primeminister.kz

2023 жылы 2 454 отбасы баспаналы болды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, үйлі болғандардың 2049-ы қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы бойынша, 405-і коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алған. Желтоқсанда «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында Алматының 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарынан өтініш пен құжат қабылдау аяқталды.

Бағдарлама аясында Наурызбай ауданында 2 мың 100 пәтерді 3 жыл мерзімге беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жеке бастамасымен халықтың әлеуметтік осал топтарына 2 мың пәтер беру туралы шешім қабылданып, оның 20%-ы жетім балаларға бөлінеді. Пәтерлерді 2024 жылдың көктемінде беру көзделген.