Оралда көліктің капотына отырып, көңіл көтермек болған студент көз жұмды
Олар ескі капотты шана ретінде пайдаланған
Оралда автомбильдің капотына отырып, көңіл көтермек болған студент қыз қайтыс болды, деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 5 қаңтарда түнгі сағат 23:41-де болған. Қаладағы ауруханаға 17 жастағы қыз жеткізілген. Ол есін жимастан көз жұмған.
Қыз достарымен бірге ескі капотты көлікке тіркеген. Содан кейін олар оған отырып, көңіл көтермек болған. Алайда көлік жүрген кезде капот газ бағанына соғылған. Бүгінде 2 көлік полиция бөліміне жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Қайтыс болған студент қыз жергілікті колледждердің бірінде оқыған.