Halyq Uni логотип
×

Отарда әскери қызметшілер жергілікті 2 тұрғынды соққыға жыққан

Қылмыстық-процестік кодекстің 128, 131-баптарына сәйкес, 6 адам ұсталды

 Еркеғали Болатұлы 08.01.2024 | 14:00
Отарда әскери қызметшілер жергілікті 2 тұрғынды соққыға жыққан
фото: Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысының Қордай ауданына қарасты Отар ауылындағы жаппай төбелес түсірілген видео тарады.

Жамбыл облысы гарнизоны ресми өкілдерінің хабарлауынша, оқиға кезінде екі тұрғын соққыға жығылған. Жаппай төбелеске қатысы болуы мүмкін әскери қызметшілер ұсталған.

Желідегі бейнежазба сипаттамасында Отардағы жаппай төбелесте әскери қызметшілердің екі тұрғынды ұрып-соққаны айтылады. Бұған қатысты Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы гарнизонының ресми өкілдері NUR.KZ тілшісіне пікір білдіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірген.

Оқиға 1 қаңтарда болған. Екі тұрғын дене жарақатын алған. Қордай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардейск гарнизонының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бар екені анықталды. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен Қылмыстық-процестік кодекстің 128, 131-баптарына сәйкес, 6 адам ұсталды. Оның ішінде қазір уақытша ұстау изоляторына 2 әскери қызметші қамауға алынды, - делінген хабарламада.

Гарнизон өкілі басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жариялауға жатпайтынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама