Ойын-сауық орындарының 70-тен астам иелері де жазаланды
Павлодар облысында 2 мыңнан астам ата-ана балаларының түнгі серуені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Өткен жылы өңірдегі ойын-сауық орындарының 70-тен астам иелері өздерінің мекемелерінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта болуына жол бергені үшін жазаланды. Бұл кезде балалар ата-аналарының еріп жүруінсіз осы орындарда болды. Сондай-ақ балаларының түнгі серуені үшін 2 391 ата-ана жазаланды.
Түнгі уақытта кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтерді полиция үнемі жүргізеді, ал мекеме иелері мен ата-аналарына ескерту жасалады. Содан кейін жазаланады. Алайда кейбір мекеме иелері материалдық пайда іздеп, қолданыстағы заңнамаға көз жұмуда және заң бұзушылықты жалғастырып жатыр.
Осы жылы жағдай өзгерген жоқ. Демалыс күні ойын мекемелерінің бірінде кәмелетке толмаған баланың ата-анасының ілесіп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін болу фактісі анықталды. Жасөспірімнің айтуынша, ол демалыс күнін осылай көңілді өткізуді шешкен.
Кәмелетке толмағанның түнгі уақытта заңды өкілінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін Playstation клубының жалға алушысына қатысты әкімшілік материал толтырылып, сотқа жіберілді. Сондай-ақ мекемеде 13 жасар ұлының болғаны үшін анасы да жауапқа тартылды, – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің аға инспекторы Юлия Сүндетова.
Тәртіп сақшысы тағы бір мысал келтірді. Сол күні сағат 02:55 шамасында Ломов көшесіндегі үйдің жанында 15-17 жас аралығындағы үш кәмелетке толмаған бала тоқтатылды. Белгілі болғандай, балаларының мұндай уақытта ұйықтамай, қыдырып жүргенін ата-аналары білмеген. Әр ата-ана баласының түнде үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.