Halyq Uni логотип
×

Цифрлық кодекс және терроризмді қаржыландыру: 2024 жылы қандай маңызды заң жобалары әзірленеді

Президент бір жылда 90 заңға қол қойған

 Айгерім Таубай 08.01.2024 | 09:49
Цифрлық кодекс және терроризмді қаржыландыру: 2024 жылы қандай маңызды заң жобалары әзірленеді
Фото: Абзал Қалиев

Биыл елімізде 18 заң жобасы әзірленеді. Оның ішінде Қазақстанның цифрлық кодексі, нысаналы капитал қорлары туралы заң жобасы бар. Бұл туралы Әділет министрлігі Halyq Uni ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Әділет министрлігі бір жыл ішінде Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлейді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы заң жобасын әзірлеуге жауапты.

Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын Ұлттық экономика министрлігі, 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын Қаржы министрлігі әзірлейді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі биыл әзірлейтін заң жобасының қатарында бар:

  • Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  • Қазақстанның Цифрлық кодексі;
  • Қазақстанның цифрландыру саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Кәсіптік парасаттылыққа тестілеу туралы заң жобасын әзірлесе, Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына жауапты.

Айта кетейік, Үкіметтің жоспары бойынша 2023 жылы 25 заң жобасы әзірленуі қажет еді. Алайда Әділет министрлігі жоспарға өзгеріс енгізіліп, бір жылда 32 заң жобасы әзірленгенін хабарлады. Оның ішіне 5 заң жобасына мемлекет басшысы қол қойды, 20 заң жобасы Парламентте қаралып жатыр.

Сондай-ақ президент бір жылда 90 заңға қол қойған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама