Halyq Uni логотип
×

Былтыр жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы өлі табылды

Ол 16 желтоқсан күні далаға шығып кетіп, содан қайтып оралмаған

 Халық үні 25.05.2022 | 07:20
Былтыр жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы өлі табылды
Фото: inform.kz

Қыста Атырау облысында 42 жастағы  Өзбекстан азаматы жоғалып кеткен болатын.

Ер адам Қызылқоға ауданы Кенбай ауылындағы «Азамат» шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істеген. Ол 16 желтоқсан күні далаға шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Іздеу шаралары ешқандай нәтиже бермегендіктен тоқтатылған.

Жақында Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Е.Сағытжанов «Азамат» шаруа қожалығынан үш шақырым жерде өзіне бекітілген учаскені тексеру барысында белгісіз адамның мәйітін тауып алған.

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде бұл 5 ай бұрын жоғалып кеткен бақташы екені анықталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама