Алматыда отшашудан балалардың қолы бөлшектеніп кеткен
Балалар шұғыл медициналық көмек орталығына 9 бала жүгінген
Алматылық дәрігерлер отшашудан зардап шеккен 13 және 16 жастағы жасөспірімдердің қолын аман алып қалды, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Отаны Алматы қаласында Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМКО) травматологтары жасады.
Екі пациентте аралас жарақаттар болды. Клиника әдісі бойынша ішкі бекітумен сүйек сынықтарын жабық репозициялау, сондай-ақ оң қолдың II саусағының тіндерімен пластика жасалды. Біз қолдарын бөліктер бойынша жинадық, - деді Алматы қалалық балалар шұғыл медициналық көмек орталығының травматологы Кешірме Қуаныш.
Ауруханаға 4 қаңтарда отшашудан зардап шеккен тағы 3 бала жеткізілген. Үшеуінің де жарақаты ауыр. Біреуінің жанарына зақым келген. Ол әзірге ақ жарықты ғана көре алады. Дәрігерлер баланың болашақта нақты көретіні немесе жанарсыз қалатыны туралы болжам жасауға ерте дейді.
Жалпы, қазір балалар шұғыл медициналық көмек орталығына отшашудан жараланған 9 бала жүгінген. Оның 5-еуі емделіп жатыр.